Алматы облысында жаппай төбелес кезінде полиция ауаға ескерту оғын атты

28 наурызда Есік қаласында ер адамдар тобы қатысқан жаппай төбелес болды.

Оқиға орнына келген полицейлер одан әрі тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында ауаға ескерту оқтарын атты.
Полиция мәліметінше, болған жағдай бойынша «бұзақылық» және «полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.
Жеті адам күдікті деп танылды. Олардың барлығы ұсталып, ИВС-ке қамалды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Істің барысы полицияның бақылауында.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


