Құдияр Нұрсейітовтің қызмет жолы: ел тыныштығын күзеткен сақшылар отбасы

🔹 Өмірін ел тыныштығын қамтамасыз етуге арнаған сақшылар отбасы
Ішкі істер органдарында ұзақ жыл бойы абыроймен қызмет етіп келе жатқан Құдияр Нұрсейітовтің еңбек жолы 2002 жылдан бастау алады.
Сол жылы ол Қостанай заң институтына оқуға түсіп, құқық қорғау саласының қыр-сырын меңгеруге кірісті. Білімін аяқтағаннан кейін Қарағанды облысында қызмет атқарып, тәжірибе жинақтап, кәсіби шеберлігін шыңдады.
2019 жылдан бері ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінде аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл лауазымында табысты еңбек етіп келеді.
Құдияр Нұрсейітов Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Жетісай қаласында дүниеге келген. Ол — үлкен отбасында тәрбиеленген 10 баланың бірі. Жанұяда алты ұл, төрт қыз бар.
Отбасында тәртіп, еңбекқорлық пен жауапкершілік басты құндылық ретінде қалыптасқан. Соның нәтижесінде бұл шаңырақтан төрт бірдей азамат ішкі істер органдарында қызмет атқарып, ел қауіпсіздігі жолында еңбек етуде.
Оның өмір жолы — табандылық пен адал қызметтің, Отан алдындағы жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
📱 POLISIA.KZ


