Ақмола облысындағы тас жолда үлгілі жүргізушілер марапатталды

💠 Ақмола облысындағы тас жолда үлгілі жүргізушілер марапатталды
🛣️ Полиция қызметкерлері Астана – Петропавл республикалық тас жолында “Үлгілі жүргізуші” профилактикалық акциясын өткізді.
📌 Іс-шара мұндай форматта алғаш рет ұйымдастырылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі ретінде атап өтілді. Сонымен қатар, жүргізушілер арасында заңға бағынатын әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға мән берілді.
🚓 Акция барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін қатаң сақтайтын автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, тәртіптілігі үшін алғыс айтып, алғыс хаттармен ынталандырды.
👏 Ерекше назар өңір тұрғыны Григорий Пономаревке ауды. Жүргізушілік тәжірибесі мол азамат алғаш рет рөлге 1975 жылы отырғанын айтып, содан бері өмірі жолмен тығыз байланысты екенін жеткізді. Үлгілі жүргізуші жол қозғалысына қатысушыларды жауапкершілікке және жолдағы өзара құрметке шақырады.
➡️ Мұндай шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға оң әсер ететіні атап өтілді.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


