Ақмола облысында «Үлгілі жүргізуші» акциясы өтіп, тәртіпті жүргізушілер марапатталды

💠 Ақмола облысында үлгілі жүргізушілер марапатталды
🛣️ Ақмола облысында Астана – Петропавл республикалық тасжолында полиция қызметкерлері «Үлгілі жүргізуші» профилактикалық акциясын өткізді.
📌 Бұл форматтағы іс-шара алғаш рет ұйымдастырылғанына қарамастан, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жүргізушілер арасында заңға бағынатын және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі ретінде атап өтілді. Бастама тәртіпті жүргізушілерді қолдау мен ынталандыру арқылы жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
🚓 Акция барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтайтын автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, алғыс хаттармен марапаттады.
👏 Мысалы, өңір тұрғыны Григорий Пономарев көпжылдық тәжірибесі бар жүргізуші ретінде аталды. Ол 1975 жылы алғаш рет рөлге отырған және содан бері бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған. Үлгілі жүргізуші басқа азаматтарды да жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
➡️ Мұндай шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға оң әсер ететіні айтылды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


