Әл-Фараби даңғылында 160 км/сағ жылдамдықпен жүргені түсірілген видео жарияланды

Жылдамдықты асырып жүретін жүргізушілердің интернетке құқықбұзушылық видеоларын жариялауы «айыппұл немесе әкімшілік қамау» түріндегі «бонусқа» әкелетіндей әсер қалдырады.
Amg.ganger қолданушысының сторисінде Әл-Фараби даңғылында жылдамдықты асыру сәті түсірілген видео жарияланды. Онда белгісіз жүргізуші көлігін 160 км/сағ жылдамдыққа дейін үдеткені көрінеді.
Жазба авторы бұл ролик полицияның қызығушылығын тудыруы мүмкін екенін меңзеді. Видеосілтеме @Koza4kov_BOT-қа жіберілгені көрсетілген.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


