Магнус Карлсен Grenke Freestyle Open турнирінде Алуа Нурманмен болған оқиғадан кейін талқылау ортасында қалды

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен, шахматтан әлемнің 16-шы чемпионы, Германияда өткен Grenke Freestyle Open турниріндегі қазақстандық шахматшы Алуа Нурманмен байланысты оқиғадан кейін көпшіліктің назарын аударды.
Екінші раунд басталар алдында Нурман Карлсенге жақындап, бірге фотоға түсуді сұраған. Норвегиялық шахматшы бас тартпай, сабырлы түрде поза ұстап, күлімсіреп, қарсыласымен бірге селфи жасаған.
Алайда көп ұзамай Карлсен жарыс ұйымдастырушыларына жүгініп, шахматшының жанында ұялы телефон болғанын айтқан.
Турнир регламентіне сәйкес, партия кезінде телефонды пайдалану ғана емес, тіпті өзімен бірге алып жүруге де қатаң тыйым салынады. Нәтижесінде арбитр ереже талабына сай ойын басталарға дейін Нурманның құрылғысын алып қойған.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың соңында Магнус Карлсен әлемдік аренадағы жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді. 28 желтоқсанда ол рапидтен әлем чемпионы атағын жеңіп алып, бұл титул оның мансабындағы алтыншы болды.


