ERG Қазақстандағы басқару өкілеттіктерін қайта бөлді

Eurasian Resources Group S.à r.l. (ERG) Менеджерлер кеңесі Топтың Қазақстандағы периметрінде басқару өкілеттіктерін қайта бөлу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Қабылданған шешімге сәйкес, бұған дейін Серік Шахажановқа берілген Қазақстандық периметрдің CEO өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Жаңа басшы ретінде Абылай Саденов тағайындалып, оған тиісті өкілеттіктер делегирленді.
Компания бұл шешімнің корпоративтік басқарудың стандартты рәсімдері аясында қабылданғанын атап өтті.
Анықтама: Eurasian Resources Group (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші әрі ең әртараптандырылған компаниялардың бірі. Сондай-ақ компанияның толық интеграцияланған энергетикалық, көлік және маркетингтік операциялары бар.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


