Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ораза айтқа орай құттықтау жеделхаттар келіп түсуде

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына барлық мұсылман үшін қасиетті Ораза айт мерекесіне орай шет мемлекеттер басшыларынан және халықаралық ұйымдар жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде.
Бұл туралы жұма күні, 20 наурызда, Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысын құттықтағандар қатарында:
- Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев
- Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров
- Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон
- Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедов
- Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоган
- Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев
- Екі қасиетті мешіттің Қорғаушысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдельазиз Аль Сауд
- Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мухаммед бен Салман бен Абдельазиз Аль Сауд
- БАӘ Президенті шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян
- БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірі Мухаммед бен Рашид Аль Мактум
- БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрдің орынбасары Мансур бен Заид Аль Нахаян
- Иордания Королі Абдалла II
- Палестина Президенті Махмуд Аббас
- Мысыр Президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси
- Алжир Президенті Абдельмаджид Теббун
Сондай-ақ құттықтаулар:
- Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди
- Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф
- Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мухаммад Юнис аль-Манфи
- Татарстан Раисы Рустам Минниханов
- Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха
- Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев
- ИСЕСКО Бас директоры Салим бен Мухаммед Аль-Малик
- және басқа да ресми тұлғалардан келіп түскен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттарының келуі жалғасып жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


