Қазақстан құрамасы көкпардан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстанның көкпар құрамасы Түркістанда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.
Жартылай финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Ресей командасын 6:4 есебімен жеңді.
Финалда Қазақстан Өзбекстан құрамасымен кездеседі. Өзбекстан жартылай финалда Ауғанстанды жеңіп өтті.
Финалдық ойын ертең, 21 наурызда, Түркістанда өтеді.
Айта кетейік, көкпардан әлем чемпионаты 2017 жылдан бері алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Турнирге 9 команда қатысты: Ауғанстан, Қытай, Венгрия, Моңғолия, РФ, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан.

0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


