Қызылордада техбайқаудан өтуге қатысты шағымдар: кезек пен жұмысын тоқтатқан бекеттер туралы не белгілі

Қызылорда қаласының тұрғыны Tengri Auto редакциясына техбайқаудан өту барысында қиындықтар туындағанын айтып, шағым білдірді. Оның сөзінше, қалада үлкен кезек қалыптасып, кейбір станциялар жұмысын тоқтатқан.
Не болды Оқырманның айтуынша, қазір оның бақылауына сай көліктерді небәрі екі жерде ғана қабылдап жатыр.
"Тек екі нүкте қалды — бірі спецЦОН-да, екіншісі Желтоксан көшесінде. Адамдар таңғы 5-тен бастап кезекке тұрады. Күніне ең көбі 40–50 көлік өткізеді. Кезек өте үлкен — жеңіл де, жүк көліктері де", — деді ол.
Жүргізушілердің сөзінше, жағдайды техбайқаудың жоқтығын тіркейтін камералардың белсенді жұмыс істей бастауы да қиындатып отыр.
Ведомствоның жауабы Қызылорда облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы түсініктеме беріп, пункттер тапшылығы жоқ екенін айтты.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда өңірде техбайқау операторларына 9 рұқсат берілген. Іс жүзінде 8 орталық жұмыс істейді: Қызылордада — 7 стационарлық және 1 мобильді, сондай-ақ Қазалы ауданында тағы 1 мобильді пункт бар.
Жабылудың себебі неде Ведомство өкілдері барлық орталықтар демалыссыз жұмыс істейтінін, көліктерді тәулік бойы қабылдайтынын және көлік ағынының бөлінгенін мәлімдеді.
Сонымен бірге өзгерістер болғаны да расталды. Инспекцияның түсіндіруінше, өткен жылдан бастап техбайқау операторларына қойылатын талаптар күшейтілген. Бұрын хабарламалық тәртіп қолданылса, енді рұқсат алып, талаптарға сәйкестікті растау қажет.
1 наурыз 2026 жылдан бастап бұл рәсімнен өтпеген станциялар бірыңғай ақпараттық жүйеден ажыратылған. Соның салдарынан олар техбайқау жүргізе алмайды.
Осы жағдай бірқатар пункттің бір мезетте жұмысын тоқтатуына себеп болуы мүмкін.
Бұған дейін қазақстандықтарда көлік салығын есептеу мәселесіне қатысты сұрақтар туындағаны айтылған.
Сондай-ақ: Қазақстанда техбайқау ережелері күшейтілді: жүргізушілер үшін не өзгереді.
Қытай көліктері Қазақстан нарығын қарқынды жаулап жатыр! Сатып алуды жоспарлап жүрсіз бе? Алдымен мынаны оқыңыз! Қытай көліктері туралы көбірек біліңіз.


