Махмуд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты

Азия чемпионатының бокстан ширек финалында Қазақстанның екі дүркін әлем чемпионы Махмуд Сабырхан Өзбекстан өкілі Шахзод Музафаровпен кездесті.
Жекпе-жек 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.
Қазақстандық боксшы бірінші раундта ұтылғанымен, кейін кездесудің барысын өзгертіп, екінші және үшінші раундтарды өз пайдасына шешті.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, 3 раундқа созылған динамикалы жекпе-жекте отандасымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Сабырханға жартылай финалға шығуға мүмкіндік беріп, кемінде қола медальді кепілдеді.
Еске сала кетейік, Махмуд Сабырхан 2023 жылы бокстан әлем чемпионатын жеңіп алған, ал екі жылдан кейін бұл жетістігін қайталаған. Сондай-ақ оның еншісінде Азия чемпионаты – 2024 жеңісі бар.
Азия чемпионаты – 2026 Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазіргі сәтке дейін Қазақстанның ерлер құрамасы турнирде бірде-бір өкілінен айырылған жоқ.
Бұған дейін Азия чемпионатын жеңіспен Махмудтың інісі — Торехан Сабырхан бастаған болатын.


