Астанада құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған 8 айлық сәбиге көмектесті

Астанада құтқарушылар Ж. Нәжімеденов көшесіндегі үйде пәтерде жалғыз қалған 8 айлық сәбиге көмектесті.

🚨 Астана қаласы ТЖД «112» пультіне дабыл қоңырауы түсті. Үй тұрғындарының бірі дүкенге бір сәтке ғана шыққан кезде кіреберіс есік тарс жабылып, ішінде сегіз айлық сәби қалып қойған.
🪜 Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жағдайды бағалап, уақыт жоғалтпау үшін ауыр есікті бұзбау туралы шешім қабылдады. Оның орнына үш иінді баспалдақты пайдаланып, екінші қабат деңгейіне көтеріліп, терезе арқылы пәтерге кірді.
✔️ Оқиға сәтті аяқталды. Пәтерде жалғыз қалған сәби қорқып та үлгермеген. Құтқарушылар балақайдың жағдайы қанағаттанарлық екеніне көз жеткізген соң, оны анасына табыстады.
⚠️ ТЖМ ЕСКЕРТЕДІ: Ешқашан кішкентай балаларды тіпті «бір минутқа» болса да қараусыз қалдырмаңыз. Кездейсоқ желдің екпіні немесе жабылып қалған құлып қарапайым дүкенге шығуды төтенше жағдайға айналдыруы мүмкін.


