Бибисара Асаубаева Чжу Цзиньэрді жеңіп, үміткерлер турнирінде көш бастады

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева қытайлық Чжу Цзиньэрді жеңіп, үміткерлер турнирінде бірінші орынға шықты.
Үшінші раундта блицтен әлем чемпионы Асаубаева қарсыласын 43 жүрісте ұтты. Биыл Гран-при жеңімпазы атанған Чжу Цзиньэрге қарсы бұл нәтиже турнирдегі алғашқы жеңіс болды: бұған дейінгі барлық партиялар тең аяқталған.
Кейінірек ресейлік Екатерина Ланго да жеңіске жетіп, қазір Асаубаева екеуі турнир кестесінің бірінші сатысын бөлісіп тұр — екеуінде де екі ұпайдан.
Үміткерлер турнирі шахмат әлеміндегі ең беделді жарыс саналады. Ондағы жеңіс қазіргі әлем чемпионымен әлем чемпиондығы атағы үшін матч өткізу құқығын береді.
Турнир 2026 жылы Кипрде өтіп жатыр. Қатысушылар бір-бірімен екі айналым бойынша ойнап, жалпы 14 матч өткізуі тиіс.
Бүгін төртінші тур аясында Бибисара тағы бір қытайлық шахматшымен — Тан Чжонгимен кездеседі. Тан Чжонги үміткерлер турнирін 2024 жылы жеңіп алған.

Бибисара Асаубаева — шахматтан блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы. Қазақстандық шахматшы соңғы рет турнирді 2025 жылдың соңында жеңіп алған. Дәл осы жеңісінің арқасында ол маусымның басты турниріне қатысушылар қатарына енді.


