Алматы облысында автосалон тұрақтан көлік ұрлады деген күдіктілер ұсталды

Алматы облысында автосалонның тұрақ орнынан көлік ұрлады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.
Тергеу дерегінше, қылмыс Бесағаш ауылында болған. Алдын ала сөз байласқан бірнеше адам автосалоннан **Changan CS55 Plus** маркалы автокөлікті алып кеткен.
Күдіктілер **Жедел басқару орталығының** бейнебақылау камералары арқылы анықталған.
Кейін ұрланған көлік **Түркістан облысы Жетісай қаласы** аумағынан табылды. Көлік тергеу әрекеттері аясында тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін де тексеріп жатыр.
Бұған дейін Алматы облысында дрондармен түсірілген құқықбұзушылықтар видеосын полиция көрсеткені хабарланған.
Сондай-ақ Көкшетау тұрғыны айыптұрақтан көлігін алып кетпек болып, одан да көп қиындыққа тап болғаны туралы да айтылған.
Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын қарқынды түрде жаулап келеді! 🚗


