Ержан Саденов: Алматыдағы адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы ерекше бақылауда

🔸 Алматыдағы резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы ерекше бақылауда – Ержан Саденов
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдіріп, жағдайдың ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Министр қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұған дейін хабарланғандай, факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жүргізушіге сот санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Ержан Саденовтің айтуынша, ол заңның бүкіл қатаңдығымен жазаланады.
Министрдің тапсырмасымен Алматыға Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, Әкімшілік полиция комитетінің және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің қызметкерлері жіберілді. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар басқа да заң бұзушылықтардың болуы туралы уәждер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бірқатар басшы атқарып отырған қызметтерінен босатылды.
Ержан Саденов барлығына құқықтық баға берілетінін және ешкімнің жауапкершіліктен жалтара алмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, заң бәріне ортақ.


