Астанада екі жүргізушіге жол ережесін өрескел бұзғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамау қолданылды

25 наурызда @Koza4kov_BOT арқылы Астанада тіркелген қос құқық бұзушылықтың бейнежазбасын жариялау сұралған. Бейжай қарамаған азамат видеорегистраторға екі көліктің қиылыстан жоғары жылдамдықпен өтіп кеткен сәтін түсіріп алған, передает krispmedia.kz со ссылкой на «телеграм-канал суда Астаны».
Көліктердің бірі бағдаршамның қызыл сигналына қарамастан өтіп кеткен, ал екіншісі түзу жүруге тыйым салынған жолақпен қозғалған.
Бейнежазба жарияланғаннан кейін елордалық полиция өз камераларын қарап, құқық бұзушыларды анықтаған. Кеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сот олар бойынша шешім шығарды.
Анықталғандай, қызыл сигналға өтіп кеткен Lexus 600 көлігін 23 жастағы Ойдана Турдалиева басқарған. Ол ұшаққа кешігіп қалғандықтан, тыйым салынған бағдаршам сигналына өтіп кеткенін түсіндірген.
Полиция мәліметінше, Турдалиева жасына қарамастан, көлік жүргізу кезінде жасалған түрлі бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке 56 рет тартылған. Тек жылдамдықты асырғаны үшін оған 14 хаттама рәсімделген.
BMW 530 жүргізушісі 21 жастағы Рахат Мурзабеков болып шыққан. Ол рейске кешікпеген, жылдамдық режимін және жол таңбаларын «жай ғана» бұзған, алайда кінәсін мойындаған. Оның есебінде 27 әкімшілік құқық бұзушылық бар.
Іс материалдарында көрсетілген барлық мән-жайларды ескере отырып, Турдалиева мен Мурзабековтің әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде, яғни айналадағыларға ашық құрметсіздік таныту деп сараланған. Осыған байланысты, екеуі де 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
Мәтінде бұл уақыт ішінде полицияның «сериялық» құқық бұзушыларға қатысты әрі қарай қандай шара қолдану керектігін шешуі мүмкін екені айтылған.


