Оралда жүргізуші мемлекеттік нөмірді изолентамен өзгерткен

Орал қаласында жүргізуші мемлекеттік нөмірді изолента көмегімен қолдан өзгерткен.
Патрульдеу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Camry көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіндегі әріпті изолентамен өзгерткені анықталды.
Полиция мәліметінше, ол осылайша көлікті жалған нөмірмен басқарған.
Ведомство өкілдері мұндай әрекеттер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып саналатынын атап өтті.
Құқық бұзушылық фактісі бойынша жүргізуші жауапкершілікке тартылды, ал автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды.
Еске салайық, Жамбыл облысында жоғары жылдамдықпен жүру үшін мемлекеттік нөмірді әдейі жауып алған жүргізуші ұсталған болатын.
Сондай-ақ сол өңірде полиция көліктің нөмірін балшықпен жасыруға тырысқан жүргізушіні де жауапкершілікке тартқан.
Оқыңыз сондай-ақ: Астанада айыптұрақтар мен автокөлікті эвакуациялау ақылы болады: қандай тарифтер енгізілуі мүмкін.


