Ақтауда Pinta мейрамханасы маңындағы төбелес: бес адам ұсталды, қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда қаладағы танымал мейрамханалардың бірінің маңында болған қатыгез төбелес видеоға түсіп қалды.
Кадрлардан екі ер адамның жерде жатқан үшінші қатысушының басынан аяқпен тепкені көрінеді. Оқиға 25 наурызға қараған түні шамамен 05:00-де Pinta мейрамханасының жанында болған. Қақтығысқа барлығы бес адам қатысқан.
Назар аударыңыз: бейнематериалда бейәдеп сөздер бар!
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында бес адамды анықтап, ұстады. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті барлық қатысушылардың жеке басы анықталғанын атап өтті. Әрқайсысына қатысты заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
«Мәртебесі мен байланысына қарамастан, қатысы бар барлық тұлға заңда көзделген жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.


