Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топтың жолы кесілді

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.
Хромтаудағы ұстаулар
Хромтауда жергілікті қылмыстық ортаға қатысы бар адамдар шахтерлерден ақша бопсалап, қорқыту және күш қолдану тәсілдерін пайдаланған. Қорқытылған жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген.
Жедел қызметкерлер барлық күдіктілерді анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинағаннан кейін фигуранттарды бір мезгілде ұстау шарасын жүргізді. 20 санкцияланған тінту барысында ақша қаражаты және заңсыз әрекеттерді дәлелдейтін өзге де айғақтар тәркіленді.
Ақтөбедегі бопсалау дерегі
Ақтөбеде ойын-сауық орындарына бағытталған бопсалаушылар тобы да анықталды. Қылмыскерлер күзет қызметіне қысым көрсетіп, заңсыз «қамқорлықты» таңған. Топтың барлық қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (ИВС) қамалды. Олар басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы бойынша тексеріліп жатыр.
Екі дерек бойынша да бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қосымша түрде заңсыз ұстап тұру және бас бостандығынан айыру фактілері бойынша тексеру жүргізілуде.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда адам ұрлады және денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылған. Арнайы операция барысында барлық қатысы бар тұлғалар ұсталып, ірі қару-жарақ арсеналы тәркіленген.


