Теміртауда зейнеткерді азаптаған сегіз жасөспірімге жаза тағайындалды

Сот мәліметінше, Теміртауда зейнеткерді азаптауға қатысты іс бойынша сегіз кәмелетке толмаған жасөспірімге нақты жаза тағайындалды: олар 5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қылмыс жасалған сәтте кәмелет жасына толған тағы бір қатысушы 7 жылға колонияға сотталды.
Тергеу анықтағандай, күдіктілер жалғыз тұратын зейнеткердің пәтеріне бірнеше рет заңсыз кіріп, оны ұрып-соғып, қорлап, ақшасын тартып алған. Жасөспірімдер өз әрекеттерін видеоға түсіріп, таныстары арасында таратқан.
Жазбалар желіге тарағаннан кейін барлық қатысушылар ұсталды.
Оқиға өткен жылдың наурыз айында Теміртауда болып, қоғамда кең резонанс тудырғаны еске салынды.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


