Мәжілісте Әл-Фараби даңғылындағы ауыр жол апаты қайта талқыланды

Бүгін Мәжілісте Әл-Фараби даңғылындағы «қорқынышты» жол апаты қайта талқыланды. Депутат Айдос Сарым халық қалаулылары атынан мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде екі негізгі мәселе көтерілді.
Бірінші мәселе: депутаттар қолданыстағы заңнама мас күйінде көлік жүргізіп, өз кінәсінен адам өліміне себеп болған жүргізушілерге қатысты жазалау бөлігінде жетілдіруді қажет етеді деген пікірмен келісті.
Мәтінде келтірілген дерекке сәйкес, үш адамның өліміне себеп болған Zeekr көлігінің жүргізушісі Александр Пак ең көбі 10 жыл жаза алуы мүмкін, бұл «өте гуманно» деп бағаланды. Сонымен қатар, оның мас болған-болмағанына қарамастан, жаза шегі өзгермейтіні айтылды.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекске жаңа баптар енгізу, сондай-ақ абайсызда жасалған қылмыстар мен қасақана әрекеттерді бөлу қажеттігі атап өтілді. Депутаттардың да мұны түсінетіні көрсетілді.
Екінші мәселе: елде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша амнистия жарияланғаны айтылды. Алайда ол алкогольдік/есірткілік масаң күйде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғандарға қолданылмайды. Айдос Сарым оларды «Потенциалды кісі өлтірушілер» деп атады.


