Астанада мектеп оқушысы өз қолымен мини-ноутбук құрастырды

Астанада мектеп оқушысы өз қолымен мини-ноутбук құрастырды.

№119 мектептің 10-сынып оқушысы Аят Тажен компьютерді өзі әзірлеп, бағдарламалады. Құрылғы тестілеуден сәтті өтіп, оның жылдамдығы, интернетке қосылуы және энергия тұтынуы тексерілді.
Оқушы корпусты өз бетінше жобалап, оны 3D-принтерде басып шығарып, толыққанды ноутбук құрастырған. Жобаға шамамен екі ай уақыт кеткен.
Аят бағдарламалау, 3D-модельдеу және веб-әзірлеуге қызығады. Ол Python, C++, Lua және Dart тілдерін меңгерген.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


