Астанада 1 150 ана мен нәрестеге перзентханадан шығарда тегін аптечка берілмеген

Астанада перзентханадан шығар кезде 1 150 ана мен жаңа туған нәрестеге тиесілі тегін жиынтықтар берілмегені анықталды.
Қалалық прокуратура денсаулық сақтау саласындағы бұзушылықтарды тексеру барысында «Ана мен бала аптечкасы» атты тегін жиынтықтардың көрсетілген санаттағы азаматтарға берілмегенін мәлімдеді.
Прокуратураның араласуынан кейін барлық аптечкалар берілді, ал кінәлілер жауапкершілікке тартылды. Жағдай бақылауға алынды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


