Ақсу қаласында дауыл ферроқорытпа зауытындағы цехтың түтін мұржасының бөлігін құлатты

Ақсу қаласында дауыл салдарынан ферроқорытпа зауытының цехтарының бірінде түтін мұржасы құлады.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда зақымданған металл конструкциялар көрінеді.
АЗФ-тың корпоративтік коммуникациялар қызметі жағдайға қатысты пікір білдіріп, **10 наурызда** Ақсу ферроқорытпа зауыты аумағында, **балқыту цехы №1-де** дауылдың салдарынан **№15 пештің түтін мұржасының фрагменті құлағанын** хабарлады. **Зардап шеккендер жоқ.** Мәліметке сәйкес, оқиға **жергілікті сипатта** болып, **өндірістік процеске әсер етпеген**. Сондай-ақ аталған нысанға **техникалық тексеріс белгіленген мерзімде — 2023 жылы** жүргізілгені айтылды.
Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты **жедел штаб құрылып**, жауапты қызметтердің **кезекшілігі ұйымдастырылған**.
**10 наурыздың** екінші жартысында Павлодар облысында **күшті боран** соқты. Желдің екпіні **23–28**, ал кей жерлерде **секундына 30 метр және одан да жоғары** деңгейге жеткен. Өңірде **дауылды ескерту** жарияланды. **Барлық облыстық және республикалық трассалар жабылды.** Барлық **жедел қызметтер** күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, **әкімдіктерде ыстық желілер** жұмыс істеп тұр.
**11 наурызға** қараған түні температураның одан әрі төмендеп, **25–30 градус аязға** дейін жетуі болжанып отыр. Сонымен қатар **қар, тұман** және желдің күшеюі, екпіні **23–28 метр/секундқа** дейін жетуі күтіледі.


