Астанада жаңа туған сәбилерге арналған атаулы ағаштар отырғызылады

Астанада жаңа туған балаларға арнап атаулы ағаштар отырғызу бастамасы қолға алынбақ.
Ата-аналарға ағаш отырғызуға арналған атаулы QR-кодтар беріледі. Ерекше іс-шараны бүгін қалалық №2 ауруханада ұйымдастыру жоспарланып отыр. QR-коды бар сертификатта ағаш отырғызылатын нақты орын көрсетіледі.
Әкімдіктің мәліметінше, отырғызылған ағаш болашақты және ұрпақтар сабақтастығын білдіретін символға айналады. Бүгін, 19 наурызда, Наурызды мерекелеу онкүндігі аясында Жаңару күні атап өтіледі.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


