Талдықорғанда шыны пластик құбырлар өндіретін зауыт аумағындағы өрт сөндірілді

Талдықорған қаласында шыны пластик құбырлар өндіретін зауыт аумағында өрт болды.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде цех ішінде диаметрі 2 метр, ұзындығы 15 метр болатын, шыны мақтамен қапталған үш құбырдың жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері нәтижесінде оттың жарылғыш қауіпті шайыр ерітіндісі бар бөшкелерге таралуына жол берілмеді. Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Өрт тез арада оқшауланып, толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




