Техникалық ақау салдарынан мыңдаған қазақстандықтың шоттары мен депозиттері уақытша бұғатталды

Мыңдаған қазақстандық өз шоттары мен депозиттерінің кенеттен бұғатталғанына тап болды. Кейін бұл жағдайдың техникалық ақаудан болғаны айтылды.
9 сәуір күні базалардағы техникалық қателік салдарынан кейбір азаматтардың салық берешегі болмаса да, барлық шоттары бұғатталып, шығыс операциялары тоқтатылған.
Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайға түсініктеме берді: «Жаңа автоматтандыру әдістемесін енгізу кезінде қате анықталды, соның нәтижесінде камералдық бақылаудың жекелеген хабарламалары бойынша банк шоттары бойынша шығыс операциялары негізсіз тоқтатылды, бұған негіз болмаған», — деп хабарлады КГД.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


