Түркия Президенті мұсылмандарды бірлікке үндеді

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мұсылмандарды бірлікке үндеді. Оның айтуынша, ислам – барлық сенушілердің басын қосатын жалғыз негіз. Президент суннизм мен шиизмді бөлек діндер деп есептемейтінін атап өтті.

Президенттің сөзінше, мұсылмандар ең алдымен адам және сенуші ретінде бір-бірін құрметтеуі тиіс. Сондай-ақ Әли, Хасан, Хусейн, Айша мен Зейнеп сияқты қасиетті тұлғалардың барлық мұсылмандар үшін ортақ екені айтылды.
🎙️@zhasulan_moldakul
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


