Трамп Израильдің Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орнына жасаған әуе соққыларына пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орнына жасаған әуе соққыларына қатысты мәлімдеме жасады.
Трамп Truth Social желісіндегі жазбасында АҚШ бұл нақты шабуыл туралы ештеңе білмегенін, ал Қатардың оған ешқандай қатысы жоқ екенін және оның болатынын «мүлде білмегенін» айтты.
Сонымен бірге АҚШ президенті Израильдің «Оңтүстік Парсқа» бұдан былай соққы жасамайтынын мәлімдеді.
Трамптың жазуынша, егер Иран «бұл жағдайда мүлде кінәсіз» Қатарға «ойсыз» шабуыл жасайтын болса, онда АҚШ Израильдің көмегімен және келісімімен немесе онсыз «Оңтүстік Парс» кен орнын Иран бұрын-соңды көрмеген әрі бастан кешпеген күш-қуатпен жаппай жоятынын айтты.
Еске салайық, Таяу Шығыстағы шиеленістің жаңа кезеңі Израиль қарулы күштері Парсы шығанағы акваториясында орналасқан Иранның «Оңтүстік Парс» газ кен орны нысандарына соққы жасағаннан кейін басталды. Қатар мен БАӘ Израильдің әуе соққыларын айыптады.
Бұған жауап ретінде Тегеран Қатардағы ең ірі газ өңдеу зауытына шабуыл жасап, сондай-ақ көршілес араб елдеріндегі тағы бірнеше нысананы атады.


