Тоқаев Грекия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласты Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.
Жеделхатта Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастардың достық пен өзара түсіністікке негізделгені, берік іргетасы және үлкен әлеуеті бар екені айтылған.
«С удовлетворением отмечаю, что отношения между Казахстаном и Грецией, основанные на узах дружбы и взаимопонимания, имеют прочный фундамент и большой потенциал. Уверен, наше многогранное взаимодействие будет и впредь укрепляться во благо народов двух стран», – говорится в телеграмме.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Грекия президентіне жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал грек халқына игілік пен өркендеу тіледі.
Анықтама: Грекияның Тәуелсіздік күні 25 наурызда атап өтіледі және елдің басты ұлттық мерекелерінің бірі саналады. Бұл күн Осман империясына қарсы Грекияның тәуелсіздік соғысының басталуына арналған. 1821 жылы гректер көтеріліс бастап, ол ақырында тәуелсіз мемлекеттің құрылуына алып келді.
Еске салайық, ақпан айының басында Грекия мен Португалия елшілері Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырған болатын.


