ШҚО-да 31 жастағы тұрғыннан 4 келіден астам марихуана тәркіленді

Шемонаиха ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынның бірнеше ай бойы қарасораны жинаумен айналысқанын анықтады.

Ер адам өсімдікті ауданның шет жағынан жинап, оны тұрғылықты мекенжайында сақтаған. Оның айтуынша, есірткі затын жеке пайдалану үшін қалдырған. Сондай-ақ ол оны термиялық өңдеуден кейін тағамдарға қосып отырған.
Жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысына жүргізілген тінту барысында полицейлер өсімдік тектес кептірілген зат салынған төрт полиэтилен пакетін тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


