Иран парламентінің спикері: АҚШ ұсыныстың 10 тармағының үшеуін бұзғаннан кейін бітімге келу орынсыз

Иран парламентінің спикері Мохаммад-Багер Галибаф атысты тоқтатуды орынсыз деп санайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ келіссөздер басталғанға дейін ұсыныстың 10 тармағының 3-еуін бұзған.
АҚШ бұзды деп аталған тармақтар:

👁 Ливанда атысты тоқтату туралы тармақ — бұл жөнінде Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф айтқан (Израильдің Ливандағы соққылары салдарынан 250–300 адам қаза тапқан);
👁 Иранның әуе кеңістігін бұзуға тыйым салу — Ларда ұшқышсыз ұшу аппараты жойылған;
👁 Иранның уран байыту құқығы — бүгін АҚШ уранды беруді талап еткен.
Галибаф осы себептерге байланысты келіссөздер жүргізу мүмкін емес екенін айтты.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


