Ұлытау облысында төрт баланың анасын бірге тұратын ер адам пышақтап өлтірді

Ұлытау облысының Жайрем кентінде 42 жастағы әйел 33 жастағы бірге тұратын ер адамның (сожитель) шабуылы салдарынан қаза тапты.
Марқұм отбасының негізгі асыраушысы болған: дүкен иеленген, пәтерлерді жалға берген және төрт баланы тәрбиелеген, олардың ішінде мүгедектігі бар қызы да болған.
Жақындарының айтуынша, ер адам жұмыс істемеген, алкогольді шамадан тыс пайдаланған және агрессия танытқан. Олардың қарым-қатынасында ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық болған.
Қайғылы оқиғаға дейін көп ұзамай әйел онымен айырылысуға шешім қабылдаған, алайда уақытша өз пәтерінде тұруына рұқсат берген.
Оқиға болған күні әйел өз дүкенінде болған. Шамамен сағат 13:55-те сожителі келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған. Туыстарының сөзінше, ол шамамен 20 рет пышақ жарақатын салған, оның ішінде өмірлік маңызды ағзаларға да соққы тиген.
Шабуылдан кейін ер адам өзіне қол жұмсауға әрекеттенген, бірақ тірі қалған. Қазір ол Жезқазған қаласындағы ауруханада жатыр.
Оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 5-бөлігі — «аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізілуін талап етіп, балаларға қамқоршылық рәсімдеуді жоспарлап отыр.
t.me/kriminal_kazakhstan


