Халықаралық іздеуде болған блогер Қайсар Камза Вьетнамда ұсталды


Халықаралық іздеуде болған қазақстандық блогер Қайсар Камза Вьетнамның Камрань қаласында ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Вьетнам аумағында Интерпол арналары арқылы және Вьетнамның құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде заңсыз ойын бизнесі ісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген блогер қолға түскен.
Тергеу деректеріне сәйкес, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық роликтерін жүйелі түрде орналастырып, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан. Осы қызметтің нәтижесінде ол 100 млн теңгеден асатын заңсыз табыс алған.
Сондай-ақ қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылғаны атап өтіледі.
Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Қора только начинается…


