ІІМ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстады ☄️

☄️ Қазақстан ІІМ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстады
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы және Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген блогер К.-ны ұстады.
Күдікті әлеуметтік желілерде онлайн-казиноны жарнамалайтын бейнематериалдарды жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға қатысуға тартқан.
ІІМ мәліметінше, күдіктінің заңсыз әрекеті нәтижесінде 100 млн теңгеден астам заңсыз табыс алғаны көрсетілді. Ақша қаражаты оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылған.
Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде.
ІІМ-де шетелге бой тасалау қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті: іздеуде жүрген әрбір тұлға анықталып, ұсталып, Қазақстанға жеткізілетіні айтылды. Бұл тек уақыт мәселесі.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


