Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тайваньнан Ю Линьмен кездесті.
Зейнуллинов үш раундтың бәрінде басым түсіп, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, бокстан Азия чемпионаты 30 наурыздан бастап Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатыр. Турнирдегі Қазақстанның алғашқы жеңісін әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов әкелген.
Бұған дейін Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қатысқан он спортшының үшеуінен айырылған.
Курьерден олимпиадашыға дейін: қазақстандық боксшының өрлеу тарихы
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


