Абай облысы ТЖД қызметкерлері Наурыз онкүндігі аясында «тұсау кесер» рәсімін сахналады

Құтқарушылар мұраны сақтауда

⚜️ Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеу ұлттық құндылықтарды нығайтып, жас ұрпақты ата-баба мұрасымен таныстыруға мүмкіндік береді.
⚜️ Наурызға арналған онкүндік аясында Абай облысы ТЖД қызметкерлері қазақтың көне дәстүрлерінің бірі — «тұсау кесер» рәсімін сахналық қойылым түрінде ұсынды. Іс-шара барысында бала тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлердің мәні түсіндіріліп, аталған рәсімнің тәрбиелік әрі рухани маңызы кеңінен ашылды.
⚜️ Мұндай бастамалар ұлттық мәдениетті сақтауға, дәстүрлерге деген құрметті қалыптастыруға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді. Ұлттық салт-дәстүр күні аясында өткен бұл шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, ата-баба мұрасына деген құрметтің жарқын үлгісіне айналды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


