Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін «под ключ» рәсімдеуді уәде еткен интернет-алаяқтық схемасы тоқтатылды

📱 ☄️ Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа күдіктіні ұстады
Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың бірқатар фактілеріне күдікті ер адамның заңсыз әрекетін тоқтатты.
Тергеу мәліметінше, күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы алдау схемасын ұйымдастырған. Арнайы ашылған парақшада ол жүргізуші куәлігін алуға «көмектесетін қызметтерді» белсенді түрде жарнамалап, құжатты жылдам рәсімдеп беремін деп уәде еткен.
Клиент тарту үшін сенімді көрінетін тұжырымдары бар бейнероликтер мен хабарландырулар пайдаланылған.
Уәделерге сенген азаматтар ақша қаражатын аударған. Жалпы алғанда, оның әрекетінен шамамен 45 қазақстандық зардап шеккен, ал келтірілген шығын 20 млн теңгеден асқан.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, заңсыз әрекеттердің қосымша эпизодтары анықталуда.
Полиция заңда белгіленген тәртіптен тыс құжаттарды «жеделдетіп» немесе «кепілдендіріп» алу туралы кез келген ұсыныстар алаяқтық белгілері екенін атап өтті.
Азаматтарды сақ болуға, күмәнді онлайн-хабарландыруларға сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырды.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


