Шымкентте полицейлер мұздай суға құлаған марғауларды құтқарып қалды: сәт бейнежетонға жазылды 🚨🐾

Шымкентте патрульдік полиция инспекторлары Нұрсұлтан Тұрсынбек пен Мұхтархан Заманбай мұздай суға түсіп кеткен екі кішкентай марғауды құтқарып қалды 🚨🐾.
Жергілікті тұрғын судан шыққан әлсіз дыбысты естіп, екі кішкентай мысық салынған қораптың суға құлап кеткенін байқап, полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына патрульдік инспекторлар шұғыл жетіп, еш ойланбастан өзенге түсіп, мұздай ағыстан әлсіреп қалған жануарларды алып шыққан. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында марғаулар аман қалды.
Марғаулар тоңып қалған, алайда тірі болған. Құтқару сәті қызметкерлердің бейнежетонына жазылып қалған. Кадрлардан бұл тек қызметтік міндетті орындау ғана емес, шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың көрінісі екені байқалады.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


