Пәтер ұрлығынан қорғану: қарапайым қауіпсіздік шаралары

👿 Пәтер ұрыларынан қалай қорғану керек?
Пәтер ұрлығының алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау аса маңызды.
Тәжірибе көрсеткендей, қаскөйлер көбіне иелері ұзақ уақыт үйде болмайтын, қауіпсіздік деңгейі төмен пәтерлерді нысанаға алады. Олар есік-терезенің осал тұстарын, тұрғындардың бейқамдығын немесе сенгіштігін пайдаланып, түрлі айлаға барады. Осыған байланысты әрбір азамат жеке мүлкінің қауіпсіздігіне бейжай қарамай, алдын алу шараларын тұрақты түрде сақтауы қажет.
⚡️ Есте сақтаңыз:
- 🔒 Үйден шығарда есік пен терезелердің толық жабылғанына көз жеткізіңіз;
- 📹 Сенімді құлыптар мен қосымша қауіпсіздік жүйелерін (бейнебақылау, дабыл жүйесі) орнатқан жөн;
- 👥 Үйден ұзақ уақытқа кетер кезде көршіңізге ескерткен абзал;
- 🚪 Бейтаныс адамдарға есік ашқанда сақ болыңыз, олардың қызметтік куәлігін тексеріңіз;
- 📱 Әлеуметтік желілерде өзіңіздің үйде жоқ екеніңізді айтпаңыз.
❗️ Қарапайым ережені сақтау – пәтер ұрлығының алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Әрбір тұрғынның қырағылығы мен жауапкершілігі өз мүлкін ғана емес, жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де ықпал етеді.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


