Пәтер ұрлығының алдын алу жолдары: қарапайым қауіпсіздік шаралары

👿 Пәтер ұрлығынан қалай қорғануға болады?
Пәтер ұрлығының алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.
Тәжірибе көрсеткендей, қаскөйлер көбіне қорғаныс деңгейі төмен пәтерлерді, сондай-ақ иелері ұзақ уақыт үйде болмайтын үйлерді таңдайды. Олар есік пен терезедегі осал тұстарды, сондай-ақ тұрғындардың салғырттығы немесе сенгіштігін пайдаланады. Сондықтан әр адам өз мүлкінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, алдын алу шараларын үнемі сақтауы қажет.
Есте сақтаңыз:
🔒 Үйден шығар алдында есік пен терезенің мықтап жабылғанына міндетті түрде көз жеткізіңіз;
📹 Сенімді құлыптар мен қосымша қауіпсіздік жүйелерін (бейнебақылау, дабыл жүйесі) орнатыңыз;
👥 Ұзақ уақытқа кетсеңіз, пәтер қараусыз қалмауы үшін көршілеріңізді ескертіңіз;
🚪 Бейтаныс адамдарға есік ашқанда абай болыңыз — олардың қызметтік куәліктерін міндетті түрде тексеріңіз;
📱 Әлеуметтік желілерде үйде жоқ екеніңіз туралы ақпарат жарияламаңыз.
Қарапайым ережелерді сақтау — пәтер ұрлығының алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Әр адамның қырағылығы мен жауапкершілігі жеке мүліктің сақталуына ғана емес, жалпы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне де көмектеседі.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


