Ақмола облысында сенбі түні өрт сөндіріліп, жоғалған жас жігіт табылды


🚨 Сенбі түні Ақмола облысының құтқарушылары үшін қарбаласқа толы болды — бірден екі шақырту: өртті сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстары.
📍 Көкшетаудағы өрт
Облыс орталығының тұрғындарын қою түтін мен қатты жалын алаңдатты. Оқиға орнына Көкшетау қаласының өрт сөндірушілері жедел жетті. Белгілі болғандай, жүк көлігі өртенген.
Өрт көлікті толықтай шарпып, ішінде шай, кофе және сіріңке болғандықтан сөндіру жұмыстары күрделене түсті. Соған қарамастан, өрт жедел түрде сөндіріліп, жалынның жақын маңдағы нысандарға таралуына жол берілмеді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
📍 Жоғалған адамды іздеу
Екінші жағдайда жас жігіт жеңіл автокөлікпен жылқы іздеу мақсатында далаға шыққан. Біраз уақыттан кейін онымен байланыс үзіліп, үйіне оралмаған. Туыстары жедел қызметтерден көмек сұрады.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар батпақжол талғамайтын техника мен ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, 2007 жылы туған азаматты Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінің маңынан тапты. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
🚨 Субботняя ночь выдалась напряжённой для акмолинских спасателей — сразу два выезда: тушение пожара и поисково-спасательная операция.
📍 В первом случае жителей областного центра встревожили сильное пламя и густой дым. На место оперативно прибыли пожарные Кокшетау. Как выяснилось, горел грузовой автомобиль.
Огонь быстро охватил транспорт, внутри находились чай, кофе и спички, что усложняло тушение. Несмотря на это, пожар был оперативно ликвидирован, распространение огня на соседние объекты не допущено. Жертв и пострадавших нет.
📍 Во втором случае молодой человек выехал на легковом автомобиле в степную местность на поиски лошадей. Спустя время связь с ним прервалась, домой он не вернулся. Родственники обратились за помощью.
В ходе поисково-спасательной операции спасатели с применением вездехода-болотохода и беспилотного летательного аппарата обнаружили мужчину 2007 года рождения вблизи посёлка Бестобе города Степногорск. В медицинской помощи он не нуждался.


