Қазақстанның оңтүстігінде сарбаз қаза тапқаннан кейін рота командирінің ісі сотқа жолданды

Қазақстанның оңтүстігінде сарбаздың қаза болуына байланысты Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің рота командиріне қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.
Офицерге қызметке салғырт қарау айыбы тағылып отыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл 27 қаңтарда әскери қызметшінің қаза табуына себептердің бірі болған.
Тергеу барысында рота командирі:
- қызмет атқаруды және қарумен жұмыс істеуді тиісті деңгейде бақыламаған;
- қаза тапқан сарбаздың әріптестеріне қатысты өкілеттігін асыра пайдалануға жол бергені анықталған.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сонымен қатар сарбаздың өліміне қатысты өзге мән-жайларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр және прокуратураның ерекше бақылауында.
Еске салайық, қайғылы оқиға 27 қаңтарда Жамбыл облысында болған. Сарбаз снайперлік винтовкадан басына оқ атып, өлімге әкелген жарақат алған.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


