ITIA бұрынғы қазақстандық төреші Асылбек Қасымға санкция жариялады

Халықаралық теннистегі адалдықты қамтамасыз ету агенттігі (ITIA) бұрынғы қазақстандық арбитр Асылбек Қасымға қатысты санкциялар енгізілгенін хабарлады.
ITIA мәлімдемесіне сәйкес, арбитрге ойыншыларды жемқорлық әрекеттеріне баруға көндіруге талпынғаны үшін айып тағылған.
ITIA сайтындағы ақпаратқа сай, ұлттық деңгейдегі теннис төрешісі ретінде аккредитациясы болған, сондай-ақ Қазақстандағы турнирлерді әкімшілендіру және қолдау бағытында қызмет атқарған Қасым ITIA тергеуімен ынтымақтасудан бас тартқаны үшін бір жылға жарыстардан шеттетіліп, 10 мың доллар көлемінде айыппұл арқалаған. Оның ішінде 7 мың доллары шартты деп көрсетілген.
Ұйымның мәліметінше, ITIA 2025 жылы Қасымның ойыншыларды жемқорлық әрекеттеріне итермелеуге талпынғанын дәлелдейтін айғақтарды анықтаған, бұл тергеуге себеп болған. Бастапқыда ITIA сұрауларына жауап бергенімен, кейін Қасым ITIA тергеушілерімен байланысын тоқтатып, соңында процестен мүлде қатысудан қалғаны айтылған.
Айыппұлдан бөлек, Қасымға ITIA мүшелері рұқсат еткен немесе санкциялаған кез келген теннис іс-шараларына қатысуға, жаттықтыруға, төрелік етуге немесе баруға тыйым салынған.
Дисквалификация өтелмеген айыппұлдар төленген жағдайда, 27 наурыз 2027 жылға дейін жалғасады.
Қазақстан теннис федерациясы (ҚТФ) өз жауабында Қасымның ұйымға қатысы жоқ екенін және оның ресми турнирлерде төрелік етпегеніне көп болғанын атап өтті. Федерацияның мәліметінше, ол ҚТФ-та ешқашан жұмыс істемеген, сондай-ақ 2023 жылдан бері төрелікпен айналыспайды және жалпы төреліктен кеткен.
Бұған дейін қазақстандық UFC жауынгері Алиби Идирис допинг қолданғаны үшін бір жылға дисквалификацияланған.
Ал қазақстандық теннисші Арсланбек Айткулов өткен жылы допинг қолдануына байланысты 4 жылға дисквалификация алған.


