Жибек Куламбаева Нагпурдағы ITF W15 турнирінде екі титул жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Жибек Куламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирде абсолютті жеңімпаз атанды. Спортшы бір турнир аясында бірден екі титул жеңіп алды.
Алдымен Куламбаева жұптық разрядта ресейлік Екатерина Яшинамен бірге чемпион болды. Финалда олар Элина Неплий/Ксения Лоскутова жұбын 5:7, 6:4, 10:6 есебімен жеңді.
Жекелей сында Куламбаева жергілікті теннисші Сонал Патилмен кездесті. Матч қазақстандық спортшының екі сеттегі сенімді жеңісімен аяқталды — 6:1, 6:3.
Сондай-ақ, 10–11 сәуірде Жибек Куламбаева Қазақстан ұлттық құрамасы сапында командалық әлем чемпионаты — Billie Jean King Cup іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Астанада қазақстандық команда Канада құрамасына қарсы ойнайды.
Бұған дейін Қазақстанның әлемдегі екінші ракеткасы Елена Рыбакина Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен қайта кездескені айтылды. Екі үздік теннисші Майамидегі беделді турнирдің финалына шығу үшін бақ сынады.


