Ақтөбе облысында су тасқыны жағдайына мониторинг жалғасып жатыр

Ақтөбе облысында су тасқыны жағдайына мониторинг жалғасуда.
Ақтөбе облысының ТЖД мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Шалқар және Ойыл аудандарында, сондай-ақ Қауылжыр, Ойыл, Қиыл және Үлкен Қобда өзендерінің арналарына аэровизуалды тексеру жүргізді.
Жазық аумақтағы қар жамылғысы толықтай еріген. Облыс аумағының тек 4%-ында ғана, негізінен солтүстік аудандардың ойпаң жерлерінде қар сақталып отыр.
Уақтылы жүзеге асырылған су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында қауіпсіз әрі тұрақты гидрологиялық жағдай қамтамасыз етілді. Жүргізілген жұмыстар елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуға, сондай-ақ еріген сулардың өзен арналары арқылы қауіпсіз әрі бақылауда өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...






