Өскеменде алимент қарызы бар жүргізушінің көлігі тәркіленді

Өскеменде алимент бойынша берешегі бар жүргізушіден автокөлік тәркіленді.
Не болды Облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны алимент төлеуден жалтарған. Оның бала алдындағы қарызы шамамен 2,5 миллион теңгені құраған. Сот шешіміне қарамастан, ер адам ұзақ уақыт бойы берешегін өтеуге әрекет жасамай, өз міндеттемелерін елемеген. Нәтижесінде оған мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылды.
Көлікке не болады Тексеру кезінде полицейлер борышкердің атына Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі тіркелгенін анықтаған. Бұған дейін салынған шектеулерге сәйкес көлік ұсталып, мамандандырылған тұраққа жеткізілді.
Көлік қарыз толық өтелгенге дейін сол жерде болады.
Жыл басынан бері өңірде сот актілерін орындаудан жалтарып жүрген шамамен 45 борышкер анықталған. Олардың 28-і — алимент бойынша.
Полиция сот шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын, оның ішінде мүлікті қамауға алу және мәжбүрлеп өндіріп алудың өзге де шаралары бар екенін еске салды.
Бұған дейін балаларға ақша қимай, көлігінен айырылған астаналық туралы да айтылған.
Сондай-ақ: Павлодарда қарызы 34 миллион теңгеден асатын Cadillac тоқтатылды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


