Астанада 2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталып, бірқатар көшеде қозғалыс уақытша шектеледі

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2026 жылғы жол-құрылыс жұмыстары маусымының басталғанын хабарлады. Осыған байланысты көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Негізгі шектеулер мен жұмыстардың мерзімі
- 4 сәуір – 4 мамыр аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол жабынына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қозғалыс ішінара жабылады.
- 5 сәуірден бастап ағымдағы жылдың маусымына дейін Е68 көшесінің А. Бектұрова көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты көлік қозғалысы толық жабылады.

- 5 сәуір – ағымдағы жылдың қарашасы аралығында Б. Соқпақбаев көшесін Ш. Бейсекова көшесінен К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде салу жұмыстары жалғасады. Бұл аралықта қозғалыс толық жабылады.
- «Абайдың 150 жылдығы көшесін Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейін салу» жобасы іске асырыла бастайды. Жоба аясында Бейбарыс Сұлтан көшесінен Сұлуқөл көшесіне дейінгі учаске 5 сәуір – 10 қазан аралығында қозғалыс үшін толық жабылады.

- Сонымен қатар Кенесары көшесінің А. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі бөлігінде жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары басталады. Жұмыстар 5–20 сәуір аралығында жүргізіледі, қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі.
- М. Тынышбаев көшесінде А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қозғалысты ұйымдастыру
Қозғалыс толық жабылатын учаскелерде көлік балама бағыттар арқылы ұйымдастырылады.
Жоғарыда аталған шектеулерге байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептелістерді азайту үшін маршруттарды алдын ала жоспарлау сұралады. Басқарма уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінді.

Жақын уақытқа жоспарланған жұмыстар
- Ақан Сері көшесі (Тілендиев даңғылынан Қараменде би Шақаулы көшесіне дейін);
- Алаш тасжолы (69 көшесінен «Астана қаласын айналып өту» автожолына дейін);
- Жаркент көшесі (Ш. Құдайбердіұлы көшесінен Хантауға дейін);
- Жанарыс көшесі (Сілеті көшесінен Ш. Құдайбердіұлы көшесіне дейін);
- 489-көше (абаттандыру жұмыстары), сондай-ақ басқа да учаскелер.

Аталған көшелердегі қозғалысты уақытша шектеу күндері қосымша хабарланатыны айтылды.
Читайте также: В Астане готовят проект двухуровневых дорог по примеру Токио и Сеула


