Германиялық блогер Торстен Гутман Астанада таксиден BMW көріп, оны ерекше жағдай деп атады

Германиядан келген блогер Торстен Гутман Астанада таксиге мінген кезде BMW көлігін көргенін айтып, бұл жағдайды ерекше деп бағалады. Оның айтуынша, әдетте Қазақстандағы таксилерде қытайлық автокөліктер басым.

Блогер Қазақстандағы ең танымал 10 автокөліктің тізімін мысалға келтіріп, бірінші орында Hyundai, одан кейін Chevrolet пен Kia тұрғанын, ал қалғандарының негізінен қытайлық брендтер екенін айтты. Оның сөзінше, бұл тізімде тек Toyota — жапон бренді ретінде ерекшеленеді, ал еуропалық компаниялар топқа кірмейді.
«Бұрын әлемдегі ең мықты автокөлік өндіруші болған Германия қазір Қазақстандағы ең танымал 10 брендтің ішінде жоқ», — дейді блогер.
🎙️@zhasulan_moldakul
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


