Жамбыл облысында екі жасөспірім сарайдан асулы күйде табылды

Жамбыл облысында екі жасөспірім сарайдан асулы күйде табылды.
Оқиға 15 сәуір күні таңғы 6:00-де Қордай ауданының Қаракемер ауылында болған. Сарайдан екі тоғызыншы сынып оқушысының денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар суицид жасаған.
Полиция аталған дерек бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
«Қылмыстық іс ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


